Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қазан
2025

QR-кодпен кітап оқу


Интернет технологияларын тиімді пайдалану және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «QR-кодпен кітап оқу» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп дәліздеріне, кітапхана бұрышына және сынып кабинеттеріне арнайы QR-кодтар орналастырылды. QR-код арқылы оқушылар электронды кітаптарға, әдеби шығармаларға, ертегілер мен танымдық материалдарға тікелей қол жеткізді.

Аталған формат оқушыларға уақыт пен орынға тәуелсіз кітап оқу мүмкіндігін беріп, заманауи технологияларды оқу үдерісінде тиімді қолдануға бағытталды.
Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, цифрлық кітаптарға қызығушылықтары артты.

Қорытындысында «QR-кодпен кітап оқу» акциясы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, кітап оқуды насихаттаудың жаңа әрі тиімді тәсілі ретінде өз нәтижесін көрсетті.\