Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқитын ата-ана, оқитын бала
11
қараша
2025

«Оқитын ата-ана, оқитын бала

Отбасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және ата-аналардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқитын ата-ана, оқитын бала» тақырыбында ата-аналардың сауаттылығы сағаттары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ата-аналарға балалардың оқу дағдыларын дамытудағы отбасының рөлі, үй жағдайында кітап оқуға ынталандыру жолдары және мәтінмен тиімді жұмыс жасау тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы бірлескен оқу тәжірибесінің маңызы атап өтілді.

Сауаттылық сағаттары ата-аналардың оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, балаға үлгі болу арқылы кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Қорытындысында, «Оқитын ата-ана, оқитын бала» бастамасы ата-аналар мен балалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқу мәдениетін дамытуға оң әсерін тигізді.