БАЛАЛАР БАСЫЛЫМДАРЫ КІТАПҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ
2026 жылдың 14 сәуір күні кітапханада Ұлттық кітап күні онкүндігі аясында «Менің сүйікті журналым» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Акимбаева Гүлжан 1-4 сынып оқушыларына қызықты балалар журналдарымен таныстыру сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушыларды балаларға арналған журналдармен таныстыру арқылы олардың оқуға деген ынтасын арттыру және кітапханамен байланысын нығайту. Оқушыларға «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Балбұлақ», «Балалар әлемі», «Ақ желкен» мектеп қорындағы басқа да басылымдардың мазмұнымен таныстыру. Балалардың танымдық белсенділігін, ой-өрісін және сөздік қорын дамыту. Журнал беттеріндегі жұмбақтар, ребустар мен қызықты мәліметтер арқылы логикалық ойлау қабілетін ұштау.
Оқушыларды бос уақытын тиімді өткізуге, өз елінің басылымдарын сүйіп оқуға және кітапхана мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.




