2025 жылғы 22 желтоқсанда Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы, полицияның аға лейтенанты М.М. Жұмабекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б. Амангельдинова және Ш.Д. Аутовамен бірлесіп, 10–11 сынып оқушыларымен
«Ішкі тәртіп ережелері және тыйым салынған заттарды алып келуге жол бермеу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық жұмыс аясында білім алушыларға білім беру ұйымындағы тәртіп сақтау ережелері түсіндіріліп, тыйым салынған заттарды мектеп аумағына алып келудің алдын алу мәселелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және ішкі тәртіп ережелерін қатаң ұстану қажеттілігі түсіндірілді.