Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық жұмыс
01
желтоқсан
2025

Профилактикалық жұмыс

2025 жылғы 03 желтоқсанда Алатау ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы, полицияның аға лейтенанты М.М. Жұмабекова мектеп директоры Г.А. Даулетова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б. Амангельдинова және Ш.Д. Аутовамен бірлесіп, 9–11 сынып оқушыларымен
«Құқық бұзушылықтың алдын алу. Төбелес ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың топтық жанжалдарға қатысуы мен оны ұйымдастыруы, денсаулыққа зиян келтіруі үшін көзделген Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамаларының нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар мұндай әрекеттердің салдары жан-жақты айтылды. Ерекше назар жеке қауіпсіздік мәселелеріне, арандатушылыққа жол бермеуге, әлеуметтік желілердің құқыққа қайшы мінез-құлықтың қалыптасуына әсеріне, сондай-ақ төбелеске қатысты бейнематериалдарды тарату жауапкершілігіне аударылды.