«Сүйікті кітабыммен селфи»
2023 жылдың 27 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы «Сүйікті кітабыммен селфи» тақырыбында оқушы өзінің сүйіп оқыған кітабымен сурете түсу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген ықыласын ояту және кітап оқуға қызықтыру, рухани мәдениетін көтеру, кітапханаға тарту, өзінің оқыған кітабын басқаға ұсынып насихаттау.
Кітап- адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап-біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады..
Әрбір оқырман кез-келген шығарманың кейіпкерлерінің жақсы ісіне сүйеніп, оған еліктеп, өзіне үлгі етіп, жаманнан жирене жүреді. 1 «Г», 2 «Г», 4 «Ә», 4 «В», 4 «Г», 4 «Д», 6 «Г» сынып оқушылары қызықты кітаптарымен естелікке фотосуретке түсті. Біздің мектептеде қызықты кітаптарды ізденіп жүріп оқитын, әдеби кітаптарды жақсы көретін оқушылар көп. 1«Г», 1«Ж», 2«Г», 4«Е» сынып оқушылар оқыған кітаптарындағы өзіне ұнаған кейіпкердің және табиғаттың суретін салды. Біз осындай оқырмандарымызбен мақтанамыз.





























