09
желтоқсан
2022
«Тәуелсіз елім, Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы.

Мақсаты: Талантты оқушыларды жарыққа шығару, ән айтуға және әнді шын жүрегімен жеткізе білуге, сахна мәдениетіне дұрыс көңіл бөлуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.Оқушыларды Отанды Сүюге,құрметтеп қастерлеуге,өз елін,тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Отан сүйгіш азаматы болуымыз керек деген қағиданы ұстана отырып,тәлім-тәрбие жұмыстарын кең көлемді түрде жүргізуіміз керек.Мейлі ол Тәуелсіздік күні болсын,жай ғана ашық сабақ болсын әр сабақтың кіріспесін осы тақырыпқа арнауымыз керек.Осы орайда ақын композиторларымыздың Тәуелсіздік тақырыбында терең де мағыналы ұлттық рухты оятатын ән-жырлары туындап жатыр.Алматы қаласы,Алатау ауданы №205 ЖББ мектептің музыка пәні мұғалімдері Баймахан Шұға Сапарбекқызы мен Сабыраев Болаттың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік Ел тірегім"атты сыныптар арасындағы ән байқауы өтті.
Оқушыларымыз нағыз патриоттық әндерді нақышына келтіре орындап қана қоймай,өздерінің мемлекетіміздің болашағын құрушы еліміздің ертеңі екендерін мақтан тұта үлкен жігермен әсіреледі.Көздерінде от жүректерінде шоқ тұрды.
3 “Ә” сынып оқушысы Нұрболқызы Асыл “Тәуелсіз қазақтың қызымын” әнімен көрерменді тамсандырып,бас жүлдені иеленсе,2 “Ә” сыныбынан құрылған “Үш жұлдыз” триосы “Туған жер” әнімен, 8”Ә “ сынып оқушысы Бектұрсын Жасмин “Мен қазақпын” әнімен 1-ші орынды екеу ара қанжығалады.
7”Б” сынып оқушысы Алматұлы Бақдаулет “Мен қазақпын” әнімен 5”В” сынып оқушысы Жетпісбай Алан “Өз елім” әні 6”Ә” сынып оқушысы Ержанқызы Ақнұр “Атамекен” әнімен 2-ші орынды місе тұтты. 4”Ә” сыныбынан құрылған “Асыл” дуеті “Егемен Ел-Қазақстан “әнімен 3-ші орынға табан тіреді.
Хор байқауы бойынша:2-ші сыныптар "Тәуелсіз ел ұланы" әнімен 1-ші орынға шықты,5-6 сыныптар "Атамекен"әнімен 2-ші орынмен марапатталды,4"А" сынып оқушылары Мәңгілік ел жастары әнімен жүлделі 3-ші орын алды.Осы бағытта жеткіншектерімізді патриоттық рухта тәрбиелеуде "Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға",-деген үндеумен биік белестерден көріне берейік!