15
желтоқсан
2022
«Тәуелсіздіктің бастауы -Желтоқсан» тақырыбында кездесу кеші


2022 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің бастауы -Желтоқсан» тақырыбында кездесу кеші өтті.Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау;
Желтоқсан көтерілісін көзбен көрген, тарихи оқиғаға куә болған жандармен кездесе отырып, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіну.
Кездесу кешіне Желтоқсан желінің өтінде болып, көзбен көріп, тәнімен сезген болашақтың шамын жаққан: «Желтоқсан» Республикалық Халықтық-отаншылдық қозғалысы қоғамдық бірлестігі төрағасы Отарбаев Кенжебай Әшірбекұлы, Қарабаев Шора Халықұлы, Дәулетов Жеңіс Садықұлы, №205 ЖББ мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Қалижанов Серік , мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Абилдинов Есбол Таңатарұлы және мектеп директоры, Желтоқсан қатысушысы Даулетова Гүлнара Арыстановна. Бұл кісілер Желтоқсанның жаңғырығын жадында сақтаған қайсар жандар. Өскелең ұрпақтың саналы ғұмырына сәуле нұрын құяр дара тұлғаларды мектебіміздің төрінде көру біз үшін үлкен мәртебе. Сонымен қатар мектебіміздің директоры Гүлнара Арыстановна басшы ғана емес, ұжымның үлгі тұтар ұлағатты ұстазы. Кездесуге 9,10- сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. Оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойды. Желтоқсан оқиғасының куәгері болған қадірлі қонақтарымыз жас ұрпаққа үлгі боларлық әңгімелерімен бөлісті.. Кездесу кеші өте тартымды өтті. Кеш соңында салиқалы өмір салттарын, саналы ұрпақ жолына арнаған қонақтарымызға ризашылығымызды білдіріп алғыс айттық. Елімізде тек бейбітшілік болсын!
Кітапхана меңгерушісі Ж.Ысқақова