Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздіктің ақ таңы" атты тақырыпта іс-шаралар өткізілді.
15
желтоқсан
2022

"Тәуелсіздіктің ақ таңы" атты тақырыпта іс-шаралар өткізілді.

№ 205 жалпы білім беретін мектебінде Тәуелсіздік күні қарсаңында ауқымды іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.Отанын сүюге, елін, жерін мақтан тұтуға баулу мақсатында ұйымдастырылды. 

Мектепте мерейлі мерекеге арналған сынып сағаттары мен ашық сабақтар өтіп, көрмелер мен, кездесулер өткізілді. Мереке құрметіне ұйымдастырылған іс-шаралар «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта мерекелік  концерттік бағдарламаға ұласты. Мектеп директоры Г.А.Даулетова мектеп ұжымын және қонақтарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жас ұрпаққа қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күрес ғасырлар бойы ел басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқтала отырып, оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша екендігін айтып өтті. Мерекелік бағдарлама барысында оқу-тәрбие процесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мұғалімдер  мен Тәуелсіздік мерекесіне арнап өз қол өнер туындыларын арнап, байқауға қатысқан мектептің  белсенді оқушылары да марапатталды. Көрермендер  домбырашылар ансамблі мен «Ақ  кербез» бишілер тобын, вокал мен хор үйірмесінің жетекшісі Ш. Сапарбекқызы дайындаған оқушылардың өнерін жылы қарсы алып, жас өнерпаздардың талантына тәнті болып, концерт көрермендер көңілінен шықты.

Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т. Жетенова