Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ашық есік» күні өтті.
15
қараша
2022

«Ашық есік» күні өтті.

Білім ордамызда мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту, ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру мақсатында №205 ЖББ мектепте қараша айының  15-күні  ата-аналары үшін "Ашық есік күні" шарасы өтті. Шараға ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.  Шара арқылы мектеп пен ата-аналар арасында ынтымақтастық байланысты нығайта отырып, ата-ана қауымдастығын мектеп қызметіне белсене араласуға тарту болды. Бағдарламаға сай ашық алаң, шығармашылық-ғылыми көрмелер, мектеп жәрмеңекесі мен концерттік бағдарлама өткізілді. Ата-аналарға критериалды бағалау жүйесі туралы ақпараттандырып, кері байланыс берілді. Ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екені айтылды.  Мектеп акт залына жиналған  ата- ана қауымы алдында сөз алған мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Абрахпанова білім ұясының артықшылықтары жайлы сөз қозғады. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жетенова жаңа ашылғанына бірнеше ай болған мектептің жеткен жетістіктері, тәрбие процесі жайлы баяндап, ата аналар үшін қажетті маңызды ақпараттармен бөлісті. Ата -аналардан келіп түскен әр түрлі сауалдарға мектеп әкімшілігі тұшымды ақпарат беріп отырды.  Мектеп тынысы жайлы әзірленген арнайы бейнесюжет көрсетіліп,  мектеп оқушыларының өнерлері тамашаланды. Мектеп психологтары Ұ.Тұрақызы мен А.Аукенова ұйымдастыруымен ата - аналармен Ынтымастық, Бірлік, Үштік одақ тақырыбында  тренингтер өткізді. Ата аналар тарапынан кері байланыс беріліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатысуға тілек білдірді  ата- аналардың пікірлері мен ұсыныстары "Ата - аналар үні" атты ұсыныс, тілек тақтаға жазбашалар қалдырылды. Мектептің тыныс тіршілігіне етене жақын болу үшін мектеп сайты, фейсбук пен инстаграм QR коды бейнеленген парақшалар келген ата -аналарға таратылды.