16
қаңтар
2023
Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.
16-қаңтар күні Алматы қаласы Алатау ауданы №205 жалпы білім беретін мектебінде Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.
Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтығын қалыптастыру; оқушылардың жауапкершілігін, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатысуын тәрбиелеу; республикада мектептегі пікірталас қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Пікірталас үш тілде өтті. Барлығы Алатау ауданы бойынша 24 мектептен пікірталасшылар қатысты. Мектебімізідің намысын «Zaman» дебат клубының атынан Мұхаметжан А., Жұмаділ А. қорғады. Финалға қазақ лигасында 20 фракцияның ішінен №178 МЛ, №180 ЖББМ, №182 ЖББМ, №205 ЖББМ мектептер өтті. Нәтижесінде І орынды №178 МЛ, ІІ орынды №180 ЖББМ, ІІІ орынды №182 ЖББМ иеленді.
https://www.facebook.com/100084260133203/videos/929819391343257/[media=https://www.facebook.com/100084260133203/videos/929819391343257/]