Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұрат Әуезовтың 80 жас мерейтойы
01
ақпан
2023

Мұрат Әуезовтың 80 жас мерейтойы

Жазушы Мұхтар Әуезовтың ұлы,белгілі шығыстанушы,мәдениеттанушы,ғалым Мұрат Әуезовтың 80 жасқа толуына орай Алматы қаласы Алатау ауданы №205жалпы білім беретін мектептің         5 «А», 5 «Г», 5 «Е»,6 «В»,7 «А»,7 «Ә»,7 «Б»,7 «Ғ»,8 «А»,8 «Ә»,8 «Г»,8 «Д»,9 «В» сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өтті.

Мақсаты:Жас ұрпаққа қоғам қайраткері,мәдениеттанушы,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Оқушыларға Мұрат Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы  слайдтармен,презентациялар көрсетілді.Әр шығармасынан үзінділер оқыды.   «Мұрат Әуезов кім?»деген сұраққа кластер құрады.Оқушылар арасында «Өткірдің жүзі»тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.

Нәтижесінде оқушылар жұмысты қызыға да, жарыса да, ізденіс үстінде орындады. Бұдан бөлек қаңтар бойы жалғасын тапқан ұлт перзенті туралы танып білу, насихаттау сейсенбі сайын сынып сағаттарда айтылды. Руханиятымыздың тірегі, мәдени мұраны жаңғыртуға зор үлес қосқан қоғам қайраткері жайлы 10 сынып оқушылары бейнебаян жасап, ұстаздар назарына ұсынды.

Ұлы тұлғаның сексен жылдық мерейтойына байланысты еліміздің түкпір- түкпірінде аталып өтуде.Мәдениеттанушы ғалымның ерен еңбегін, еліміздің дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа үлгі ету, насихаттау адамдық борышымыз.

                                                                                                     Дайындаған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова