22
желтоқсан
2022
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100- жыл толуына орай " Әйгілі Әз аға -атты " мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды.
Биыл Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толды. Дәуірдің кемеңгер қаламгер әдебиет атты мұхиттың, буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейін әлемнің назарын өзіне аударылған шебер жазушы, майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100- жыл толуына орай " Әйгілі Әз аға -атты " мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. 20 желтоқсан 2022 жылы 5-10 сыныптар белгілі жазушы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған "Аңызды ақиқатқа айналдырған" қаламгер тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаттары:
✓оқушыларды Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
✓"Ақиқат пен аңыз", "Махаббат, қызық мол жылдар" романдарына шолу жасау арқылы адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу;
✓жасөспірімдердің өз пікірін еркін айту және талдау дағдыларын дамыту.
Сынып сағатында оқушылар жазушының өмір жолына шолу жасап, "Махаббат, қызық мол жылдар" кинофильмінен үзінді көріп, талқылады. Ел есінде мәңгілік қалған Maйдангер қаламгердің өмірінен ғибратты ойларды жазып алды. Жауынгер — жазушы Әзілхан Нұршайықов еліне қосқан елеулі еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қазақтың бір туар азаматы, еліне ерен еңбек сіңірген қайраткер. Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік сақталады. Қазақтың қарымды қаламгеріне арналған шаралар мен игі істер жыл көлемінде жалғасады.