Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихи тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы тәрбие сағаттары
24
қаңтар
2023

Тарихи тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы тәрбие сағаттары

23.01.23 мектепішілік тәрбие жоспарына сәйкес Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай -10 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары болып өтті. 

Ахмет Байтұрсынов – қазақ ағартушысы, көрнекті тіл маманы, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, бірқатар оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы.  Мақсаты: қазақ халқының біртуар перзентінің өмірбаянымен таныстыру; - патриотизмге, өз еліне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.  Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен, аударған мысалдарымен таныстыру. Ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақынның өмірін оқушылараға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Жоспарға сай құрылған мектепшілік іс-шараға барлық сыныптар ат салысты.,5 «А»,5 «Ә»,5 «Б»,5 «Г»,5 «Д»,5 «Е»,6 «А»,6 «Ә»,7 «А»,7 «Ә»,7 «Б»,7 «Ғ» сыныптар «Тарихи тұлға-Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Сынып сағаты барысында LED экраннан вертуалды видеолар,танымдық сабақтар көрсетілді.Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың мысал өлеңдерін жатқа айтты. 9-10 сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының мақтанышы»тақырыбында диктант жпзды.  «Ұлттың ұлы -ұстазы»тақырыбында қабырға газеттері шығарылды. Мектеп кітапхана меңгерушісі Ж.Ысқақова «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаш тұлғасы» атты ашық лекция  жас мамандарға өткізіп, Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің  өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу екендігін жеткізді. «Жастар халықтың жақсы болашағының үміті. Жас ұрпақ жаңаша оқыған мұғалімнің қолында болуы керек, оларда тың ойлар мен білімдер бар». деген ұлт ұстазының сөзімен аяқтады.

Дайындаған : ДТІЖО Ж.Т.Жетенова