Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» 6 сыныптар арасындағы сайыс
02
наурыз
2023

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» 6 сыныптар арасындағы сайыс

      2023 жылдың 2 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында «Брейн-ринг» интеллектуальдық байқау ұйымдастырылды.

      Мақсаты:    Оқушыларды халқымыздың сөз өнері, мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.     

  Байқауға 6сынып аралығындағы   оқушылар қатысты.           

   Байқау төрт бөлімнен тұрады: «Санаға сапар», «Суреттермен жұмыс»,  «Шатасқан мақалдар», «Мен ұнатқан үш пән»

    Мақал– толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады. Мәтел – аяқталмаған, жәй ғана тұспалмен берілген қысқа ғана ой. 

Мақалдар мен мәтелдердің құндылығы олардың қысқа әрі нұсқа болып келуінде. Сонда олар тез есте қалады.

Жұмбақ  - адамның ой өрісін, алғырлығы мен білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын халық ауыз әдебиетінің бір түрі                                                                                            

Оқушылар  үш тілді жақсы меңгергендерін және мақал-мәтелдерді көп білетіндіктерімен ерекшеленді.  Байқауда қабілеттерін жоғары деңгейде  көрсете білгені үшін сынып бойынша марапатталды.

 Атап айтсақ 6 а- сынып 1-ші орын , 6 ә-сынып 2-ші орын, 6 б-сынып 3-ші орынды иленді.