Абай қара сөздері
2023 жылдың 8 ақпан күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Абай қара сөздері» тақырыбында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылар арасында байқау өтті.
Мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, Абай қара сөздерінің мазмұнын меңгерту.
Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар 45 жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.
Байқауға 7а,7ә,7б,7ғ,7в,7г,7д- сынып оқушылары қатысты.
Абайдың 32;3 –ші қара сөздерін жатқа айтып, өз қабылетімен ерекшеленген оқушылар I, II, III – дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Анықтама беруші кітапхана меңгерушісі Ж.Ысқақова