«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»


2023 жылдың 2 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында «Брейн-ринг» интеллектуальдық байқау ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың сөз өнері, мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.
Байқауға 6 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
Байқау төрт бөлімнен тұрады: «Санаға сапар», «Суреттермен жұмыс», «Шатасқан мақалдар», «Мен ұнатқан үш пән»
Мақал– толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады. Мәтел – аяқталмаған, жәй ғана тұспалмен берілген қысқа ғана ой.
Мақалдар мен мәтелдердің құндылығы олардың қысқа әрі нұсқа болып келуінде. Сонда олар тез есте қалады.
Жұмбақ - адамның ой өрісін, алғырлығы мен білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын халық ауыз әдебиетінің бір түрі
Оқушылар үш тілді жақсы меңгергендерін және мақал-мәтелдерді көп білетіндіктерімен ерекшеленді. Байқауда қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білген оқушылар I, II, III – дәрежелі дипломдармен марапатталды.