«Балалар жазушысы Спандияр Көбеевке 110 жыл»
2023 жылдың 6 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Ысқақова Жанат, Кожанова Жанардың ұйымдастыруымен жас оқырмандарға «Балалар жазушысы Спандияр Көбеевке 110 жыл» тақырыбында LED экраннан С.Көбеевтің өмірі мен шығармаларымен таныстырылды. 5а -сынып жетекшісі Қуанышбай Роза, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Орман Таңшолпан оқушыларын кітапханаға алып келді. Оқушылар Спандияр Көбеевтің өлеңдерін мәнерлеп оқудан белсенділік танытты.
Мақсаты: Жас оқырмандарға Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығын меңгерту, ақын - жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі - өнеге алуға шақыру.
С.Көбеевтің кез келген туындысынан оның ағартушылықты мақсат тұтқан ниетін айқын аңғаруға болады. Ыбырай мектебінде оқыған, оның хрестоматиясы үлгісімен еңбек жазған, қысқасы, қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымының жолын қуған С.Көбеевті балалар əдебиетінің анық қамқоршысы демеске еш негіз жоқ. С.Көбеев еңбегінің ерекшелігі сол, ол қазақ балалар əдебиетіне мысал жанрын саналы түрде енгізді, мысалдарды өлеңмен де, қарасөзбен де аударды, бала ұғымына лайықтап жазды.

