Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балаларды кітап оқуға баулу»
09
наурыз
2023

«Балаларды кітап оқуға баулу»

№205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балаларды кітап оқуға баулу» тақырыбында оқушылармен үзіліс кезінде кітап оқу ұйымдастырылып  тұрады.  

Мақсаты: Білімнің кітап  арқылы берілетінін, оның адам өміріндегі маңызы,  ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру. 

Кітапты таза ұстауға, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу. 

  Мектеп кітапханасы да оқушылардың жақсы білім алып, рухани білімдерінің артуына аянбай қызмет көрсетуде. Жаңа заман талаптаарына сай жабдықталған мектеп кітапханалары, оқушының  сұранысын қанағаттандыру мақсатында дамып, жетіліп келеді. Оқушылар бос кезінде кітапханаға келіп LED экраннан вертуалды видеолар, танымдық сабақтар көрсе, виртуальды очкиді киіп  «Басқа әлемге саяхат»  жасайды. Ақын, жазушылардың кітабын қызыға оқиды. Бастауыш сынып оқушылары ертегі   кітаптарды оқып, түсініктерін айтады. 

Жас буынды тәрбиелеуде мемлекетіміздің барлық білім беру ошақтарында түрлі бағытта жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Сол білім беру ошағының бастауы-мектеп болса, білім бұлағы ағып   жатқан қайнар көзі- мектеп кітапханасы.