Ертегілер еліне саяхат



2023 жылдың 23-24 ақпан күндері аралығында №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқуды ұйымдастырдық. 2д, 3а, 4д-сынып жетекшілер оқушыларын үзіліс кезінде кітапханаға алып келіп, ертегі кітаптарымен таныстырды.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету. ЬакаЬпр
Кітап оқу барысында балалар кейіпкерлер арқылы өз бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады, тілі тазаланып, ұдайы жат сөздерді қолданып сөйлеуден сақ болады. Үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуді міндетіне алады.
Мектеп табалдырығындағы әрбір оқушыны заманауи өмір саласына үйретуде үш түрлі ортаның ықпалы зор екенін ескере отырып, алдағы уақыттада үнемі әрбір ата-аналарды, әрбір пән мұғалімдерін, кітапханамен байланысып, жұмыс жасауға шақырамын.