Наурыз мерекесіне орай "Қош келдің Әз Наурыз" атты тәрбие сағаттары өтті.
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - жаңа жыл болып саналған. Осыған орай мектептің 5 «Ә», 5 «В» , 5 «Е»,6 «А»,6 «Ә», 6 «В», 6 «Г»,6 «Д»,6 «Б»,6 «Ғ»,7 «А»,7 «Ә»,7 «Б»,7 «Ғ»,7 «Г»,8 «А»,8 «Б»,8 «В»,8 «Ғ»,9 «А»,9 «Ә», 9 «В» ,10 «Б»сынып оқушыларымен бірге «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем»атты тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Халықтың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне баулу.
Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Бүгінгі тәрбие сағаты ерекше дәстүрлі,мерекелі бағдарламалармен өтті. Ұстаздар мен оқушылар ұлттық киімдерін киді.Оқушыларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы LED экраннан слайд,презентациялар арқылы таныстырылды.Қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі Көрісу күніне қарай,көріністер көрсетілді. Бір-бірлерінің аман-саулығын тілеп,бата-тілектер айтылды.Наурыз мерекесіне орай би билеп,ән шырқалды. Қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті.







