«Қазақ поэзиясының Хан тәңірі-Мұқағали Мақатаев » тәрбие сағаттары
Қаңтар айының 8- жұлдызы оқушыларға ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең, поэмаларымен танысу. Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі, слайдтар, Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет. Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай мектепте 5 «А», 5 «Ә» , 5 «Б», 5 «В»,5 «Г», 5 «Е»,6 «Ә», 6 «В», 6 «Г»,7 «А»,7 «Ә»,7 «В»,7 «Д»,8 «А»,8 «Б»,8 «Д»,9 «А», 9 «В» ,10 «А»,10 «Б» сынып оқушыларымен бірге «Мұқағали Мақатаев-поэзия тұлпары»атты тәрбие сағаттары өткізілсе, 1-4 сыныптар үшін «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаттарында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы презентациялар арқылы тамашалады.Ақиық ақынның өлең жолдарынан үзінділер оқыды.«Есіңе мені алғайсың»өлеңінің аудиожазбасын ақынның өз орындауында тыңдады.М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз.- деген Мұқағали есіміне арналған жылы лебіздерін білдірді.
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты челленджі 5-10 сыныптар арасында ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге салынды.
Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова










