Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шара
07
наурыз
2023

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шара

8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі!

Көктемнің алғашқы лебімен қатар келген мейрамда, №205 жалпы білім беретін мектепте бастауыш бірлестігі, 1-4 сыныптар арасында 07.03.2023 күні «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсінік беру.

Жоспарға сай құрылған тәрбие сағаттарын бастауыш сыныптары өткізді. Сынып сағаты барысында 8-наурыз мерекесінің шығу тарихы жайлыяғни, жыл сайын әрбіріміз әдемі гүл шоқтарымен, қымбат сыйлықтармен тойлауды әдетке айналдырған әйелдер күнінің түп -тамырының сонау ХХ-ғасырдың басындағы әйелдердің өз құқықтары үшін  күресінде жатқаны түсіндірілді. SMART тақтадын арнайы бейнетаныстырылым көрсетілді. Тақырыпқа сай сыныптар мерекелік үлгіде безендірілді. Әдеттегідей, ер балалар қыздарға, ұстаздарына ізгі-тілектерін білдіріп, гүл шоқтарымен құттықтады. «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағатында әрбір оқушы аналарына  жыр жолдарын арнап, видео арқылы құттықтаулар жолдады. Қабырға газеттері жарыққа шықты.

Қорыта айтқанда, әлемнің отыздан аса елінде тойланатын мереке, елімізде 1966 жылдан бастап, ресми түрде даталы күн ретінде бекітілген.