Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дара тұлға Бейбарыс»
16
наурыз
2023

«Дара тұлға Бейбарыс»

   2023 жылдың 16 наурыз күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында           «Дара тұлға Бейбарыс» тақырыбында Сұлтан Бейбарыстың туылғанына -800 жыл толуына орай  оқушыларға LED экраннан вертуалды видеолар, танымдық сабақтар көрсетіліп, Сұлтан Бейбарыстың өмірбаянымен таныстырылды.

Мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың өмірбаяны арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

 Бейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген.

Кең әлемге Қыпшақ атын шығарған, Египетте сұлтан болған Бейбарыс бабамыз қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген.

"Бейбарыс – дара тұлға, атақты қолбасшы. Әр бір оқушы оның өмірінен туған жерге деген ерекше ықыласы мен құрметін үлгі тұтады.