Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»
28
наурыз
2023

«Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»

   Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларының көктемгі демалыс кезінде  «Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»  тақырыбындағы түрлі іс-шараларды өткізуді ұсынған болатын.  Осыған орай іс-шараларды тиімді және сапалы ұйымдастыру мақсатында ҚР ОАМ РҒПК мектеп демалыстары кезінде мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген ұсынымдарды қолдана отырып, №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы көктемгі демалыс кезінде 1- 4, 5-9, 10-11 (қазақ, орыс) сыныптар арасында  «Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»  тақырыбындағы түрлі іс-шараларды ұйымдастырды.  

 «Facebook», «Instagram»,  парақшаларында – көктемгі демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастырудағы бейнероликтер түсірілді.

Бейнероликтерде оқушылар оқыған кітаптарындағы өзіне ұнаған кейіпкердің суретін салды.

 Қызықты кітаптарымен естелікке фотосуретке түсті.

Оқыған кітаптарын сыныптастарымен бөлісіп, бір-бірііне кітап сыйлап, достарымен кітапты ауыстырып оқыды.

Мақсаты:  Оқушылардың  көркем  әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын  арттыру. Кейіпкерлер  бейнесін  анықтап, тануға  баулу.

«Әлем әдебиетін бірге оқимыз!»  тақырыбында   ерекше бейнероликтер мен фотосуреттер дайындаған 1 «ж»,«ә», 4 «г»,«в»,«е»«ә», 6 «а», 6 «г»,6 «ғ»,7 «ғ»,9 «ә»,10 «ә»,-сынып жетекшілерге алғысымызды айтамыз.                                                                                                    

Шетел әдебиеті – әлемдік мәдениеттің ең маңызды және құрамдас бөлігі. Ұлттық мәдениетімізге және әдебиетімізге үнемі орасан зор ықпал етіп отырады. Шетел әдебиеті гуманитарлық білім беруде әрқашан маңызды роль атқарады.

https://instagram.com/p/CqUz-0Mt6PF/

https://www.facebook.com/100084260133203/posts/pfbid02qwAbmz8fxLR4f2x13JU7HpYGs6tEcwhXjBTD1PMXWVNevy1q5sz2PFXjg83zuva9l/?d=w&mibextid=SDPelY