"Әр бір бала - бір тұлға"
«Өзің лаулап тұрсаң ғана, өзгеге от бере аласың»,- деген жазушы ағамыз Әзілхан Нұршайықовтың сөзі №205 жалпы білім беретін мектеп директоры Даулетова Гүлнара Арыстановнаға арналып айтылғандай. Білімді маман, білікті басшы Гүлнара Арыстановна ғылым мен техниканың шарықтау шегіне шыққан бүгінгі заманауи білім жүйесінің талабына сай жұмысты жаңаша ұйымдастырып отырған көшбасшы. Ең бірінші ұстаздардан жан-жақты білімді, іскер, талғамы биік, жаңашылдыққа жаны құмар болуын талап етеді. Үнемі мұғалімдерге ақыл кеңесін айтып, білімдерін жетілдіруіне бағыт-бағдар беріп келеді.
Жаңадан салынған кең де жарық, заман талабына сай мектебімізде оқып жатқан әр балаға қайталанбас тұлға ретінде қарап, олардың өзгеше қасиеттерін дамытуға күш салу бағытында 10-сынып оқушыларымен өзін-өзі басқару ұйымы құрылған. Білім беру ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Мектеп / студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін атқарылатын іс- шаралар жоспарымен жұмыс жасауда.
Мақсаты: Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Білімді ұрпақ – білікті ұстаздан шығады. Болашақта білімді де, тәрбиелі азаматтарды тәрбиелеуде абырой биігінен көрініңіздер демекпін.
Дайындаған Ысқақова Жанат Бегайдарқызы
