Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ жемқорлыққа қарсы»
06
сәуір
2023

«Адал ұрпақ жемқорлыққа қарсы»

       2023 жылдың 6 сәуір күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында  «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қасірет»  тақырыбында  8 сынып   оқушыларына  LED экраннан бейнероликтер, танымдық сабақтар көрсетілді. 

Тарих пәнінің мұғалімі Садибекова Назира «Адал ұрпақ жемқорлыққа қарсы» тақырыбында «Адал ұрпақ» ерікті клуб мүшелерімен сұхбат жүргізді. Оқушылар Адал ұрпақтың мән-мағынасына, мақсатына жеке-жеке өз ойларын айқын түрде жеткізе алды.  

Тәлімгер Кожанова Жанар еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық және азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін ұрпағымыздың бастамаларының бағы жанып, жұмыстары жемісті болғай!-деп оқушыларды жігерлендіре түсті. Сұхбат соңында сұрақтармен жұмыс түрі жүргізіліп, оқушылар бір ауыздан «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ»,- деп қорытындылады.                           

 Мақсаты: Оқушылардың адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Жемқорлық» қоғамымыздағы алаңдатып отырған келеңсіз көрініс екенін ұғындырып, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту. Жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие қалыптастыру.