«Мамандық – өмір таңдауы»
2023 жылдың 10 сәуір күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында 10 сынып оқушыларына LED экраннан бейнероликтер, танымдық сабақта көрсетілді.
Мақсаты: Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беру. «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту, Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін оқушылар өздері қалаған мамандық туралы өз ойларын айтты.
Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десе, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып армандарыңызға жетіп, мамандық иесі болыңыздар. Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!

