Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
наурыз
2023

Табиғатты аялайық

Табиғатты аялайық!

Табиғат – тіршілік көзі. Жер бетінің көркі мен сәні. Сондықтан, табиғат деген сөз туған жер, атамекен деген ұғымдармен  астасып кеткен. Бұлақ көрсе көзін ашып, жақсылыққа жастайынан  бойларын үйреткен  Алматы қалысындағы 205-ші Жалпы білім беретін мектептің ұстаздары, жақсы үлгіні жас ұрпақтың санасына сіңіре бастапты.

Аптаның басын «Табиғатты аялайық» деген ұранмен бастаған  бастауыш мектеп мұғалімдері 28.03. күні әр сыныпта тәрбие сағаттарын өткізді.

Мақсаты: қоршаған  ортаның бүтіндігін сақтап, балалардың бойына этикалық, эстетикалық дағдыларды сіңіріп, экологиялық сауатсыздықтарын жою. Табиғат адамның  бір бөлшегі екенін түсіндіру.

«Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады». Алғашқы  мысалды  LED экран арқылы көрген балалар түрлі мақалдар айтып жарысып, өз беттерінше  «табиғатты аялайық» деген тақырыпта сурет салды. Ал,жас ұрпаққа экологиялық білім бергенде ғана,экологиялық сауатсыздық жойылады.

«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».Табиғатты  қорғау әрбір азаматтың міндеті және тарих алдындағы үлкен жауакершілік.