27
сәуір
2023
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай «Кітаппен бірге өсеміз» атты «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.
2023 жылы 11 -21 сәуір күндері аралығында №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай «Кітаппен бірге өсеміз» атты «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.
Мақсаты: Кітап мәртебесін көтеру мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау.
Шараға қатысып, кітап сыйлаған ұстаздар ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра-кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, оқушыларды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Барша қатысушыларға акцияға атсалысқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіре отырып, Жетенова Жанна, Маукенова Индира, Актумбаева Алия ұстаздарға және Абдильдинова Лейла 4 «Д», Сайлаубай Ажар 4 «Е» сынып оқушыларына мектеп кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз.



