Мектепте «Әр сыныптан бір ағаш» акциясы аясында бейсенбілік ұйымдастырылды.
№ 205 жалпы білім беретін мектепте «Әр сыныптанбірағаш» акциясы аясында бейсенбілік ұйымдастырылды. Көктем келгенде ағаш көшеттерін отырғызу науқаны басталатыны аян. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу, айналамызды гүлдендіру дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Осындай шараны тек қоғамдық орындарда, көшелерде, мектеп пен мекеме ауласында ғана емес, сонымен бірге, әр отбасы өз үйлерінің аула ішінде тал отырғыза білсе, нұр үстіне нұр болар еді. Осылайша біздің № 205 жалпы білім беретін мектепте “Әр сыныптанбірағаш“ акциясы аясында бейсенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту. Игі шараға мектеп әкімшілігі мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары бірлесе отырып, осы аталған шараны қолға алған. Сондай ақ мұғалімдер мен ата –аналар және еріктілер де қатысты. Бұл маңызы бар шараға мектеп алды даярлық сыныптарынан бастап бастауыш 1-4 сыныптар, орта буын 5-8 сыныптар және жоғарғы буын 9-10 сыныптар белсене ат салысты. Міне, «Әр сыныптанбірағаш» акциясы осылайша игi iспен ұштасты. Бұл мектеп ауласын көгалдандыру және көгеріштендіру, қоршаған ортаны қорғау, құрметтеу және қоғамға риясыз қызмет ету болып табылады деп білеміз. Атқалылған бейсенбілік татулық пен достық арқасында көңілді өтті. Әрбір сынып өзінің белгіленген аумақтарын тазалап, қалыпқа келтірді, гүлдендірді. Мектеп аумағын гүлдендіруге үлес қосқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Анықтама жазған: ДТІЖО Ж.Т.Жетенова









