16
мамыр
2023
Ұлттық спорт ойыны "Асық атудан" 5-6 сыныптар арасында жарыс өткізілді.
Мектебімізде "Эстетика және дене шынықтыру" бірлестігінің онкүндігінде 16.05.2023жылы қазақтың ұлттық ойынының бір түрі "Асық атудан" 5-6 сыныптар арасында жарыс өткізілді.
Мақсаты:
Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке мергендікке ептілікке жеңіске деген құштарлыққа намысқойлыққа, әділдікке баулу. Балаларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу.
Балалардың өй-өрісін дамыту. Балаларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындарды иеленді.


