Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
наурыз
2023

«22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Тақырыбы: «22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»


  Аптаның басын «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» деген халықаралық мерекемен бастаған  бастауыш мектеп мұғалімдері 14.03. күні барлық сынып тәрбие сағаттарын өткізді.

Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

        Алғашқы   мысалды  LED экран арқылы көрген балалар түрлі мақалдар айтып жарысып, өз беттерінше «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» деген тақырыпта сурет салды. Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде бүгін мүмкіншілігімізге қарай «Қол күрес», «Асық ойыны», «Сиқырлы таяқ», «Сақина жасыру», «Бес тас» ойындарын ойналатындығы туралы айтылды.

Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған

Ендім бүгін төріме,

Жақсылық себем көңілге.

Бейбітшілік пен ырыс – құт,

Әкелдім биыл еліңе!

Наурыз құтты болсын!