Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
19
мамыр
2023

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен «Оқитын Ұлт» жобасы аясында «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасымен №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы сынып жетекшілермен бірлесе жұмыстар жасап, түрлі іс-шаралар өткізуде.  23 сәуір – Дүниежүзілік кітап сыйлау  күніне орай «Кітаппен бірге өсеміз» атты «Кітапханаға кітап сыйла» акцияға Орман Таңшолпан Бейбітқызының ұйымдастыруымен 5 «Д» сынып оқушылары және Ниязова Анэль, Ниязова Адэль, Ниязова Тамина жас оқырмандарға қажетті өздері оқыған ертегі, балаларға  арналған қызықты кітаптарын кітапханаға сыйға беріп, кітап қорын толықтыруға, өз үлестерін қосты. Сонымен қатар Таңшолпан Бейбітқызы бөлме гүлін кітапханаға сыйға берді.  Барлық акцияға атсалысқан сіздерге шексіз алғысымызды білдіре отырып, ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра- кітап екендігін, өткеннің рухы,  келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да  осы кіттапта жатқандығын айтқымыз келеді.                                  

   Мақсаты: Оқушының рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру. Оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Оқушылардың білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қоса отырып,  әдеби кітап оқуына қызығушылығын арттыру.