23 сәуір – Дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай «Кітаппен бірге өсеміз» атты «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының жалғасы
2023 жылы 11 -21 сәуір күндері аралығында №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап сыйлау күніне орай «Кітаппен бірге өсеміз» атты «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өткен болатын.
Мақсаты: Кітап мәртебесін көтеру мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау.
Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны М.Мақатаевтың білімдар, ойшыл зиялы ірі тұлға екенін көпшілік қауымға белгілі. Мұқағали шығармалары өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, тілге деген сезімін ояту болды. Қайталанбас құбылыстай өте шыққан найзағай ақынның жырлары көңілі қаяу, санасы ояу бүгінгі оқырманын тағы бір серпілтіп тастары сөзсіз. Акция аясында кітапханамыздың тұрақты оқырманы Жылқышиева Наурыз Тасполатқызы М.Мақатаевтың «Жүрек арызы» 2-басылым (екі кітабы) өлеңдер жинағын, «Ала жіпті аттама», «Айтулы Ақаң еді» кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты. Өзі оқыған кітаптарын кейінгі жас оқырмандарға оқуға ұсынғаны үшін Наурызға рахметімізді айтамыз.
Сөз соңында айтарымыз Кітап- тәрбие құралы, ақыл-ойды дамытады, ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.


