Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Денсаулық күні» тақырыбында «Томирис» жазғы сауықтыру лагері
07
маусым
2023

«Денсаулық күні» тақырыбында «Томирис» жазғы сауықтыру лагері

07.06.2023ж Томирис» жазғы сауықтыру лагері «Денсаулық күні»  тақырыбында өтті.

«Томирис» жазғы демалыс лагеріне күнделікті сағат  9:00жиналып мемлекеттік гимнді орындаудан бастап, мектеп медбикесі балалардың денсаулығы мен тазалығын тексеру жүргізеді. Таңертеңгілік  бой жазу жаттығулары орындалады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Дене тәрбиесінің мұғалімі  ортаға   шығып жаттығудың жасалу жолын көрсетеді. Ол жаттығу аяқталған соң, шеңбер құрып тұрған балалардың  бірі ортаға шығып басқа жаттығуларды, саппен тұру, жүру жаттығулары орындалады. Балалардың көтеріңкі көңіл күйде болуы үшін психолог У.Тұрақызы мен лагерь штаб басшысы Ж.Жетенова ойын арқылы жаттығулармен сергітті. Үйірменің үйретері көп демекші лагерьде «Біл! Үйрен! Көрсет!» үйірме жұмыстары «Тіл үйренейік», «Лингвист», «Funny English» үйірмесі әр түрлі танымдық тақырыпта балалармен қызықты жұмыс жасауда. Бүгін лагердің жоспарында «Денсаулық күні» тақырыбы аясында іс-шараны Балауса тобы жетекшісі М. Нұрахметова ұйымдастырып өткізді. Күншуақ, Жалын, Балауса, Балдырған, Радуга, Дельфин, Короли, Раушан, Витамины топтары белсене қатысып, балалар би билеп, спорттық жарыстарға бар ынтамен қатысты, бастауыш сынып оқушыларының арасында көңілді жарыстар ұйымдастырды. «Денсаулық күні» мерекелік шарасынан балалар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп, тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды.Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан!

Дайындаған Ж.Т. Жетенова