Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Томирис» жазғы лагері балалары кітапханада
12
маусым
2023

«Томирис» жазғы лагері балалары кітапханада

Бүгін 12.06.2023ж күні "Томирис" жазғы лагерь  балалары № 205 ЖББ мектеп жанында орналасқан Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханада экскурсияда болды.  Кітапханада кішкентай оқырмандарды кітапханашылар қуана қарсы алды.  Олар балаларға арналған кітаптарды өте қызықты етіп айтып қана қоймай, түрлі-түсті кітаптарды да пайдаланды.  Балаларға ертегілер оқылды, олармен ойындар ойналды, сонымен қатар шағын тақпақтар оқылды. Кітапхана саяхатының мақсаты: оқушыларды кітапханамен таныстыру. Білім азығы кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. Әдеттегідей жоспарлы шара  «Кітаппен дос болайық» атты тақырыпта мектеп кітапханасындағы «Білім өмір азығы» білім сайысы іс-шарасы өтті. Балалар дайындалған түрлі зияткерлік, логикалық қызықты тапсырмаларды жарыса шешіп, дұрыс жауаптарын айтып жатты.