"Томирис" жазғы лагерінің балалары "Бақытты балалық шақ" сурет сайысы
Бүгін 15.06.2023ж күні "Томирис" жазғы лагерінің балалары "Бақытты балалық шақ" сурет сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға бақытты балалық шағын сезінудіру, ептілікке, шыдамдылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Видео көрсетілім тамашалап, "Бақытты балалық шақ " әні шырқалды. Бұл сурет көрмесіне 1 - 4 сынып оқушылары қатысып, өздерінің белсенді екендерін көрсетті. Сурет көрмесіне балалар өздерінің жанұяларымен түскен суреттерін алып келді. Суреттер мектеп қабырғасына сурет көрмесі ретінде ілінді. Сурет көрмесінде оқушылардың сәби кезіндегі, бастауыш сыныптағы отбасымен түскен суреттері орын алды. Сонымен қатар балалар өздерінің жанұясынын бейнелейтін суреттер салды. Балалардың көтеріңкі көңіл күйде болуы үшін психолог У.Тұрақызы мен лагерь штаб басшысы Ж.Жетенова ойын арқылы жаттығулармен сергітті. Үйірменің үйретері көп демекші лагерьде «Біл! Үйрен! Көрсет!» үйірме жұмыстары «Тіл үйренейік», «Лингвист», «Funny English» үйірмесі әр түрлі танымдық тақырыпта балалармен қызықты жұмыс жасауда. Бүгін лагердің жоспарында «Денсаулық күні» тақырыбы аясында іс-шараны Балауса тобы жетекшісі М. Нұрахметова ұйымдастырып өткізді. Күншуақ, Жалын, Балауса, Балдырған, Радуга, Дельфин, Короли, Раушан, Витамины топтары белсене қатысып, балалар би билеп, спорттық жарыстарға бар ынтамен қатысты, бастауыш сынып оқушыларының арасында көңілді жарыстар ұйымдастырды.

