«Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша 1938 cinema компанисы «Қара жәшік» сериалын түсірді.
Желтоқсанайынан бастап « Қара жәшік» телехикаясы көрерменге жол тартады.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған жасөспірімдердің жат қылыққа баруы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Адамдар арасында өзін басқа адамнан күшті санап зорлық-зомбылық көрсетіп, қорқыныш үрей туғызып, өз дегеніне мәжбүрлеу бүгінгі күнде қоғамда кеңінен таныс. Кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай үйінде, көшеде, оқу орнында немесе жұмыс орнында тағы да басқа жерлерде буллингке ұшырауы мүмкін. Аталған тенденциялар білім беру жүйесінде де жиі кездеседі. Білім алушыларғажат қылықтың қауіптілігі туралы түсінік беру, «адам өмірінің құндылығын» түсіндіру. Жат қылықтың құрбаны болу барлық проблемалардың шешімі еместігін ұғындыру мақсатында Алматықаласы, Алатауауданы Томирис шағын ауданы №205 Жалпы білім беретін мектепте «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша 1938 cinema компанисы «Қара жәшік» сериалын түсірді. Режиссеры Әсет Жұмақан Басты ролдерде танымал актерлер Алтынай Ногербек, Нартай Сауданбекұлы, Мерей Мақажан, Жанель Сергазина, Сырым Қашқабаев Жоба продюсері Ерсін Айтмұқаш.
«Қара жәшік» деп аталатын жаңа туынды мектеп қабырғасында жеткіншек, оқушылардың қызығы мен қиындығы жайында өрбиді. Кейіпкерлерді сомдаған актерлер демесеңіз, әр оқиғасы шынайы, өмірден алынған. «Хабар» теле арнасында төл туындысы осы қыста желтоқсан айынан бастап көрерменнің назарына ұсынылады.
https://www.instagram.com/reel/Cv4hGrOIm9-/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==https://www.instagram.com/p/CvsKnoLIny7/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

