"Адалдық сағаты" бірыңғай сынып сағаттары өтті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсанындағы №1174 Қаулысымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35 тармағына сәйкес, 12 қыркүйек 2023 жылы барлық білім беру ұйымдарының әрбір сыныбында сынып жетекшілерінің парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған "Адалдық сағаты" бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. №205 жалпы білім беретін мектебінде барлық сыныптарда "Адалдық сағаты” өтті.
Мақсаты: Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының өтілуі туралы есеп берген сыныптар: 5 "А", "Ә", "Б", "Ғ", "Д", "Е", 6 "А", "Ә", "Б", "В", "Г", "Д", "Е", 7 "А", "Ә", "В", "Ғ", 8 "А", "Ә", "Б", 9 "Ғ", "Д", 10 "А", "Ә", 11 "Ә", "Б"



