14
қыркүйек
2023
«Тіл-ұлттың тұғыры, рухы мен намысы»



2023 жылдың 11-14 қыркүйек күні аралығында №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында тілдер мерекесіне орай «Тіл-ұлттың тұғыры, рухы мен намысы» тақырыбы бойынша 7-сынып оқушыларымен әңгімелер циклын өткіздік. Сонымен қатар оқушыларға LED экраннан «Тіл-ұлттың басты негізі» бейнероликтер көрсетілді. «Ана – тілім ардағым» тақырыпта библиографиялық шолу жасалды.
«Ойлы болсаң, озып көр» ақындар шығармалары бойынша танымдық викториналық ойын ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап барысында 7«А», 7«Ә» сынып оқушыларына ерекше белсенділік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.