Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №205 ЖББ мектебінде “Ашық есік” күні іс-шарасы өтті.
16
қыркүйек
2023

№205 ЖББ мектебінде “Ашық есік” күні іс-шарасы өтті.

Мектептің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының негізінде 16 қыркүйек күні Алматы қаласы. Алатау ауданының «Томирис» ықшам ауданында бой көтерген жаңа №205 мектеп КМК -де ата -аналар үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Бұл күнде140 ұстазы, 2000 ға жуық оқушысы бар білім ордасы ата -аналар мен қонақтарға есігін айқара ашты. Шараға ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.  «Ашық есік» күні арқылы мектеп пен ата-аналар арасында ынтымақтастық байланысты нығайта отырып, ата-ана қауымдастығын мектеп өміріне белсене араласуға тарту болды. Ашық есік күні қонақтарды қарсы алу, тіркеу, түстерге бөлінген буклеттер таратудан басталды.  “Күмбірле күйім” үйірмесінің талантты оқушылары “Балбырауын” күйімен келген қонақтардың құлақ құрышын қандырды.  Балаларының мектептегі тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға ата-аналармен бірге ата, әжелер  де қызығушылық танытты. Мектептегі баласының бір күндік өмірімен танысу, ата-аналардың ең басты мақсаты екені белгілі.  Мектеп директоры Даулетова Гульнара Арыстановна келген ата-аналарға құттықтау сөзімен жылы лебізін білдіріп, сондай-ақ, ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екенін айта кетті. Бағдарлама кезеңінің басты ерекшелігі – сыныптардың соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған, екі спорт залы, заманауи үлгідегі асхана, кітапхана мен коворкинг аймақтар, ойын алаңдары мен оқушылардың мектепке келіп, кетуін қамтамасыз етуін School Вus арнайы автобустары бар екендігін таныстыру болды. Аата-аналар мектептің пәндік кабинеттерін 3D форматта заманауй  жабдықталуын тамашалады. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетінің Ахметтану, Абайтану, Мұқағалитану кабинеттері сондай-ақ, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Физика, Музыка кабинеттерінің жаңаша үлгіде жасалынған ерекшеліктерін спикер оқушылар таныстырды. Заманауй кітапханада оқушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Бала кітапты оқып қана қоймайды интер белсенді тақтасы арқылы қажет ақпаратты тамашалап дер кезінде алу мүмкіндігіне ие. Соңғы үлгіде  станоктар, ұлдарға арналған шеберханалар, ал қыздарға тігін машиналарымен қамтамасыз етілгенін, мектептің спорт және тренажер залдарында балалар заманауи спорттық снарядтармен айналыса алатынын көрді. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу мен қызығушылығына орай мектепте 18 үйірме 9 спорттық секциялар жұмыс жүргізілуде. Осы орайда көрмеге қойылған балалардың қолдан жасаған туындылары мен жұмыстарына ата -аналар тәнті болды.

 «Ашық есік» күні алған әсерлерімен ата-аналардың пікірін  білу мақсатында  кері байланыс  өткізілді. Мектеп тынысын бір сәт тыныстап, тіршілігімен танысқан  ата-аналар, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымына өз ризашылықтарын білдірді. Ата – аналар өз қалауларымен пән мұғалімдеріне, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне сұрақтар қойып ойдағыдай жауап алды. 

Анықтама жазған:ДТІЖО Ж.Т.Жетенова