26
қыркүйек
2023
Еңбекқорлық ең басты құндылық
26 қыркүйекте №205 жалпы білім беретін мектепте «Еңбекқорлық ең басты құндылық» атты тәрбие сағаты өттті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адал еңбекке баул, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру. Еңбекке қызығушылықтарын арттыру. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. «Еңбек күнін» атап өту қарсаңында адал еңбек пен еңбекқорлық мәдениетін кеңінен насихаттау мақсатында 5-11 сыныптарда «Еңбекқорлық және оның табысқа әсері», 1-4 сыныптарда «Еңбегі адал жас өрен» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар дайындалып келген ақпараттарымен бөлісіп постер жасап, еңбек туралы өлең шумақтары мен мақал мәтелдерін айтып жарысты.


