27
қыркүйек
2023
«Абай үні, Абай -лебі»
2023 жылдың 27 қыркүйек күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында «Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Абай үні, Абай -лебі» тақырыбына Абай қара сөздері байқау өтті. Байқауға 5,6 – сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Абайдың 34-ші қара сөзін жаттқа айтты.
Мақсаты: Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихы мен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру. Ғұламаның қара сөздері арқылы жақсы қасиеттерге баулу, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалар «қарасөз» деп аталады. Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор. Адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдылардан аулақ болуға үйретеді.
Абайдың 34 –ші қара сөзін жатқа айтып, өз қабілеттерін жоғары көрсете білген оқушылар I, II, III – дәрежелі дипломдармен марапатталды. Атап айтсақ:
I орын иегері 5 «Ә» сынып оқушысы Іргебай Аяулым
II орын иегерлері: 6 «А» сынып оқушысы Жақсылық Балақан, 6 «В» сынып оқушысы Дәрібекова Кәусар
III орын иегерлері: 5 «Д» Асанжанова Шатмира, 5 «Е» Сайлаубай Ажар, 6 «Б» Еркінқызы Елдана,

6 «Б» Чубашева Анель
Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!