"Менің ұстазым" атты байқауына эссе жазылды.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қазан айында аталып өтетін ұлт жанашырлары аяулы ұстаздарымыздың төл мерекесіне орай №152 мектеп гимназиясында "Менің ұстазым" атты байқауына эссе жазу номинациясы бойынша Алатау ауданының барлық мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. №205 мектептен 9 «Г» сынып оқушысы Бахытжан Адия, 10 сынып оқушысы Мухаметжан Алтын, 11 «Б» сынып оқушысы Альмухамет Темирлан жазба жұмыстарын (эссе) жолдады. Жазба жұмысының тақырыбы: Менің ұстазым. Оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздары туралы эссе жазды.
