Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым!
18
сәуір
2023

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым!

Мемлектік рәміз! Бұл-символ егемендікті, біртұтастықты айқындайтын басты белгі. 2007 жылы 4-маусымда  Қазақстанда «Мемлекеттік рәміздер туралы»заң қабылданды. Содан бері дәл осы күн мерекеленіп келеді. Қазақстанның рәміздері дегенде алдымен ойымызға таңғажайып құпияға толы қазак  елінің қазынасы елестейді..Халқымыздың салт-дәстүрі,діні,ділі,тарихы бәрі осы қасиетті үш бойтұмарда баяндалған . Елдігіміздің мызғымастығын білдіретін симаволды әрдайым жас ұрпаққа дәріптеу әрбір қазақстандықтың басты міндеті.


Алатау ауданындағы 205-ші Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып ұстаздары оқушыларға рәміздердің маңызымен,мағынасын кеңінен  түсіндірд.. Басты мақсаттары: ата-бабаларымыздың қанымен келген  тәуелсіздігімідің қадір-қасиетін қастерлеп,  мемлекеттік рәміздерді ардақтау әр Қазақстан Республикасы азаматының борышы екенін ұғындыру.

Ұстаздар: «Көк аспандай желбіреген көк туымызға көгілдір түстің таңдалғаны бейбітшіліктің, тыныштықтың белгісі. Шетіндегі ұлттық өрнек қазақтың салт-дәстүрінен сыр шертеді. Шұғылалы күн - байлық пен берекені насихаттаса, қалықтаған қыран құс барлық ұлтқа құшағымыздың ашық екенінің  нышаны. Елтаңбадағы- шаңырақ қазақтың байырғы ұлт екенін хабар береді. Шашыраған уықтар одан тарайтын ұрпақтар. Қос тұлпар бірлікке  жетелейтін жол.тШекесіндегі жұлдыз - еліміз жұлдызы жанған мемлекетке айналады дегенді білдіреді. Ал, мағынасы терең әнұран халықты тек потриоттыққа тәрбиелейтін жыр. Сондықтанда еліміздегі әрбір салтанатты жиын әнұранмен ашылады »-деп, LED экраннан шыққан видеолармен символардың сырын ашты .

Ел көгінде қалықтап рәмізіміз,

Боламыз болашақтың жарығы біз.

Еңбек білім жүрекке әркез жиған,

Батыл қазақ алтын ел барлығымыз,

Рәмізімен көркейген  алтын елім,

Қамқорлық қып  ғаламның алты белін.

Жырға қосам рәмізін ел отанның,

Жүректе жыр ел десе бар білемін!  -деп ақындарымыз жырлағандай рәміздеріміздің мәртебесі  асқақтай берсін!