Дара тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы
№205 жалпы білім беретін мектебінде «Дара тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында танымдық сағаты өтті. Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан тілегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан асқан бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтыңі тәрбиесіне қосқан орасан үлесіміз. Ахмет Байтұрсынұлының тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы бейне роликтер көрсетіліп, аудармалары оқылды.



