Абайдың "толық адам" ілімі танымдық тәрбие сағаты
Ғылымның даму үдерісіндегі басты тұлға – адамның өзі. Адамның
қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы, дамуы мүмкін емес. Адам өзін
түсінуге, өз мүмкіндіктерін айқындауға және келешегін болжауға ерте
заманнан талпынып келеді. Адам өзін дамыту арқылы рухани, мәдени
белестердің сатыларынан өтіп, жеке тұлға болып қалыптасады. Данышпан ақын Абайдың нақты философиялық тұжырымдары жоқ, бірақ өз шығармаларында адам мәселесі, адамгершілік құндылықтары, мораль философиясын көркем бейнелеген. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде өмірдің бар болмысы мен шындығының көрініс табуын адамгершілік ілімімен байланыстырған. Өйткені ақынның ұзақ іздеп, тереңнен толғап тапқан танымы – «толық адам» ілімі. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстасаң ғана толық боласың деген тұжырымы, ақынның толық адам хақындағы негізгі ұстанымының түйіні. Ойшыл хакімнің ғұмыр бойы шарқ ұрып іздегені, асыл ақиқаты – толық адам. Абай үшін толық адам – рухани жетілген, жан-жақты дамып жеке тұлға болып қалыптасқан, кеміліне келген адам. Толық адам ілімі – қазақ халқының ұлттық санасын оятып, рухани
жаңғыртудағы қазақ халқының рухани жаршысы болып табылады.
Мектебімізде осы тақырыпта бүгін сынып сағаты өтті. Оқушыларды Абьайдың ілімімен таныстырып, Абай әлеміне шолу жасалды.





