Алматы қаласы Білім басқармасының
«№205 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 357-38-74
+7(747) 671-39-53
Эл.Пошта:
School205@mail.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" тақырыбында сынып сағаттары
11
қазан
2022

"Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" тақырыбында сынып сағаттары

11.10.2022ж. "Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Білім алушыларға слайдтар, суреттер арқылы дұрыс тамақтану принциптері мен  пирамидасы таныстырылды. Білім алушылар пікірталасқа белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Балалардың дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі айтылды.
 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына ықпалын тигізеді. Осы мәселелер бойынша  оқушыларымен "Дұрыс тамақтану  тақырыбында  зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Оқушылар бір-бірімен дұрыс тамақтанудың ережелері мен негізгі шарттары жайында пікір алмасты.