11
қазан
2023
Бала деп соққан бауырмал жүрек Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы
2023 жылдың 11 қазан күні №205 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында "Оқитын ұлт-оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ана тілге тағзым" тақырыбында Мұзафар Әлімбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай оқушыларға LED экраннан танымдық сабақтар көрсетіліп, әңгімелер циклын өткізу барысында Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаянымен таныстырылды.
Мақсаты: Мұзафар Әлімбаев туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармалары, олардың жазылу тарихымен таныстыру. Мұзафар Әлімбаевтың "балалар ақыны" екенін таныту. Оқушыларды көркем, шешен сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Ақынның шығармаларының тәрбиелік мәнін түсініп өнеге алуға тәрбиелеу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілігін, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.
Мұзафар Әлімбаев "Алатау баурайында", "Менің Қазақстаным", "Балдәурен, шіркін, балалық", "Ақсерек те Көксерек" және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтарының авторы.
Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Мұзафар Әлімбаевтың поэзисы - классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар, қазақ тілінің басты қазынасы. Ол "Балдырған" балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал.

